Сарыағашта жергілікті тұрғын үй жағдайында арыстан мен 10 шақты жабайы құсты асырағаны анықталды. Сирек кездесетін жануар мен қанаттыларды мамандар тәркілеп, тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғады. Әзірге күдіктінің жыртқыш аңды қайдан алғаны белгісіз. Алайда сезікті сөзінде оларды өз қызығушылымен баққанын айтқан. «Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға […]