«Базардан 15 келі картоп сатып алдым. Алайда үйге келіп өлшесем, оның салмағы 10 келіні көрсетіп тұр. Сатушыны жауапқа тарта аламын ба?» Бұл редакцияға хабарласып, кеңес сұраған оқырман сұрағы. Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 13-бабы 2-тармағына сәйкес, кез келген сатып алушы алған тауардың сапасын, салмағын, саны мен мөлшерін тексеруге құқылы. […]