Сатушыны соққыға жығып, гүл шоғын ашықтан ашық алып кеткен шымкенттік экс-полицейге қатысты тағы бір дерек шықты. Бұрынғы полиция қызметкері айыппұл төлеуден жалтарып жүр екен. Бұған дейін оның Түркістандағы кафеде отырып, ақшасын төлеуден бас тартқаны туралы жазған болатынбыз. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ондағы мәліметте оқиға 16 мамырда болғаны жазылған. Шу шығарған бұрынғы тәртіп сақшысы оқиға […]