Сауран ауданы Шорнақ елдімекеніндегі Б.Майлин көшесінің 1 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Ал аудан орталығындағы Т.Сүлейменов көшесіне, сондай-ақ, Алтынсарин, Т.Сүлейменов және Бабайқорған көшелерінің қиылысында көлік кептелісінің алдын алу мақсатында бағдаршам орнатылған. Ал көлік құралдарының қозғалысын реттеу жұмысын мердігер «Astana smart pluse» ЖШС-і атқарған.