Сауран ауданында тарихи кітаптың тұсауы кесілді. Кітапта ауданның тарихы тереңінен қамтылған. Бұл туралы ауданда өткен облыстық ғылыми конференцияда баяндалды. Іс шара аудандық мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің басшылығының ұйымдастырылуымен өтті. Тарихи кітапты шығарудағы мақсат қандай? Басылымда қандай тақырыптар қозғалған? Толығырақ тілші тарқатсын Киелі ісшара Шорнақ ауылындағы мәдениет үйінде аудан әкімінің қатысуымен болды. Сондай-ақ шараға аудан құрылғалы бері қызмет еткен мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық кеңес мүшелері жиналды. Басылым шықпастан бұрын жан-жақтан ғалымдар бас қосып, конференция өткізген болатын. Нәтижесінде бүгін құнды деректерге толы кітаптың тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Келер ұрпаққа аудан тарихын таныту кітап шығарудағы басты мақсатымыз дейді аудан әкімі.