Сауранда келесі жылы бірқатар нысандар пайдалануға беріледі

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елдімекенінен 38 га жер бөлініп, онда аудандық әкімдік, күштік құрылымдар ғимараттары мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков мәлімдеді.  Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл нысан келесі жылдың басында қолданысқа беріледі. Әкімшілік іскерлік орталықтағы басқа да ғимараттарды 2023 жылы толық пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Шорнақ елдімекенінде өрт сөндіру депосы мен 200 орындық аудандық орталық аурухананың, 500 орындық мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.  Аудан әкімінің айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделген. 2023-2024 жылдар аралығында С.Қожанов елдімекенінде 300 орындық, Еңбекші дихан мен Қарашық елдімекендерінде 600 орындық, Аша, Ынталы және Құмтүйін елдімекендерінде 900 орындық, ал Ескі Иқан елдімекенінде 2 000 орындық мектептің құрылысы басталып, ел игілігіне тапсырылмақ. Қазіргі таңда Ескі Сауран қалашығының аумағында «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Ал Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд 200 млн теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жеке демеушілер тарапынан іске асырылып жатқан қонақүй келер жылы пайдалануға беріледі.  

Читать источник turkistan.tv
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды