Қазақстанда дүркін-дүркін орын алған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргiндердің тарихи бастау-бұлағына, яғни, өткен ғасырдың басындағы большевиктердің үздіксіз революцияларының түп-тамырларына қайта үңілу- бұл жазықсық атылған, ашаршылықтың құрбандарының алдындағы азаматтық борышымыз, парызымыз. Бұл өзекті мәселе Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жақында Түркістан облысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында жан-жақты талқыланды. Кәмшат Тасыбекова, […]