Сайлау-2023. Еxit poll нәтижелері жарияланды

Қазақстанда 19 наурызда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауының алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды. "Еуразиялық интеграция" институты жүргізген сауалнама қорытындысы "Сайлау-2023" онлайн марафоны кезінде жарияланды, - деп хабарлайды Turkistan TV, Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы "Еуразиялық интеграция" институты әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекші сарапшысы Әйгерім Ергенболатқызы мәлімдеді. Exit poll нәтижесі келесідей: Amanat партиясы - 53,46 пайыз; "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 10,52 пайыз; Respublica партиясы - 8,9 пайыз; Қазақстан халық партиясы - 6,25 пайыз; "Байтақ" жасылдар партиясы - 3,22 пайыз; Қазақстанның "Ақжол" демократиялық партиясы - 7,87 пайыз; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,31 пайыз; "Бәріне қарсымын" - 4,47 пайыз. Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді. Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген. 19 наурыз 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдерде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.

Читать источник turkistan.tv
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жаны саудың жеңісі көп
Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды
Астанада интернет-алаяқтар тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен
Шымкентте пәтерден зейнеткердің денесі табылды
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Қабырғаға жапсырылған банан 6,2 млн долларға сатылды
СҚО-да Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының экс-орынбасары ұсталды
Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық артып келеді
Дұрыс жүргізілмеген техникалық байқаудың салдарынан көлік иесі адам өліміне себепкер болды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша ағаштарын қорғау шаралары күшейтілмек
Дәрігерлер қатерлі ісік пен ұйқысыздықтан қорғайтын сусынды атады
Ақтауда екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
Астана аспанында Қазақстан Қарулы күштерінің истребительдері ұшады
Ақтауда екі көлік бетпе-бет соқтығысқан
Павлодар облысында асырап алған қызын зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады
«Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
«Оскарға» ұсынылған қазақстандық фильм халықаралық марапатқа ие болды
Алматы облысында мас тұрғын өзімен бірге ішімдік ішкен әйелін өртеді
Оқушы қыз бен анасын ұрып өлтірген экс-мұғалімнің ісі ашық сотта қаралады
Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалы кетті
Шымкентте 15 адам газдан уланып қайтыс болған
Қарасай ауданының тұрғыны әйелінің жұмысына барып, оны балғамен ұрып-соққан (ВИДЕО)