Конституцияға (83-бап) сәйкес прокуратура мемлекет атынан (заңда белгіленген шекте және нысандарда) заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады және сотта мемлекеттің мүддесiн білдіреді. Бұл функциялардың орындалуын прокуратура органдары сайлау процесінде де қамтамасыз етеді. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кезектен тыс сайлау тағайындалған күннен бастап прокуратурамен сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты әрбір деңгейдегі прокурорлар үшін негізгі міндеттер мен ұйымдастырушылық […]