Сайрам ауданында мал қалдығын өңдейтін зауыт салынады. Ол үшін инвесторлар тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Соған байланысты өңір басшысы аймаққа іс-сапармен барып, кәсіпкерлердің жұмысымен танысып қайтты. Сайрам ауданында малдың сүйегін, ішек-қарнын, терісін терең өңдейтін зауыт ашылады. Себебі аймақта мал бордақылау алаңдары мен бекеттері жетерлік. Бұған дейін сойылған мал қалдығына байланысты тұрғындар тарапынан бірнеше рет дау туындаған […]