Сайрамдық шаруалар көкөніс дақылын егуде сарыағаштық диқандардан кем түспейді. Осылай деген мамандар әсіресе ауданда жаңа технологиямен жабдықталған өнеркәсіптік жылыжайлар көбейіп жатқанын айтады. Ал олардың фермерлік шаруашылықтағы топыраққа негізделген жылыжайдан қандай айырмашылығы бар? Бұл өндірістік жылыжайда топырақ мүлдем қолданылмайды. Көшет арнайы ыдыстағы тыңайтқышқа отырғызылады. Мұның фермерлік жылыжайдан басты айырмашылығы да осы. Ақсукент ауылында орналасқан бұл жылыжай […]