Бүгінде жайылым тапшылығы әр өңірде кездесетін өзекті мәселеге айналды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Соның нәтижесінде еліміздің әр өңірінде пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүруде. Жалпы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы жайылымды жерлерді қайтару жоспары – 5,5 мың гектар жер. […]