Түркістан облысында пациент дәрігерге шабуылдаған. Оқиға Сайрам ауданы Ақсукент кентіндегі жеке клиникада болған. Полиция хабардауынша, медицина мекемесінде пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетке кіру үшін кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. «Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген полиция […]