Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда. Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданның 2030 жылға дейінгі даму жоспарын баяндады. Жиында экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм салаларын дамытып, жұмыспен қамту үшін тиісті басқарма басшыларының ұсыныстары қаралды. Облыс әкімі аймақта өндіріс орындарын арттырып, инфрақұрылым жүйелерімен қамтуды, туризмді дамытуды тапсырды. – […]