Түркістан облысының Сайрам ауданында жекеменшік тұрғын үйдің шатыры, шаруашылық құрылыс пен шөп жанды. Қызыл жалын көрші тұрған үйдің шатырына жеткен. Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында өрттен келер қауіптің беті қайтып, қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықталуда.