Отбасылық дау ойранға айналды. Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында орын алған жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты. Күйеуі әйеліне пышақ салмақ болып ұмтылғанда суық қару мойнына тиген. Кейіннен өзіне бірнеше рет пышақ сұққан. Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, арнайы белгі беріп, әзер тоқтатқан. Жараланғандарды 2 Жедел жәрдем көлігі келіп, алып кеткен. […]