Сайрам ауданында тұрғындар ұрлық жасамақ болған азаматты соққыға жыққан. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен еді. Онда бірнеше азамат күдіктіні жерге жығып, аяусыз соққының астына алғаны байқалады. Бейнежазбадан жәбірленушінің қатты тепкіден басы жарылып, қолы мен бетінің қан жоса болғаны айқын көрінеді. Облыстық полиция департаментінің ресми дерегінеше, күдікті мал базарында ұрлық жасамақ болған. […]