Сенат депутаттарының сайлауы 2023 жылдың 14 қаңтарда өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. «Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын», – делінген құжатта. Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сенат сайлауында заңға сәйкес, азаматтар емес, мәслихат депутаттары дауыс береді. Президент бүгін ұлықтау рәсімінде […]