ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол жергілікті депутаттармен бірге Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Ана тілі» басылымына берген сұхбатын талқылау іс-шарасына қатысты. Жиында Президент сұхбатында көтерілген мәселелерге тоқталды. «Жалпы еліміздегі реформалар, атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде болмақ. Мемлекет басшысы сұхбатында Үкіметтің жұмысына да үлкен баға беріп кетті, оның заң шығарушы қызметіне де […]