Қаржы пирамидасын басқарғандарға қатысты жауапкершілік күшейеді. Бұл туралы бүгін сенаттың жалпы отырысында айтылды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды. Заңды қабылдау қаржы пирамидаларын жарнамалауға атсалысқан жандардың жауапкершілік дәрежесін анықтауға және жасалған құқық бұзушылыққа мөлшерлес жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді. […]