Сенат сайлауына барлық облыс пен республикалық маңызы бар қаладан 55 кандидат түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Сенат сайлауы алдағы сенбі, 14 қаңтарда өтеді. Сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, бюллетеньдерге 55 кандидат енгізілді. Ал 11 адам өз кандидатурасын алып тастауға өтініш жазды. «Алматы қаласынан 4 кандидат, 6 өңірде – Алматы, Жетісу, […]