Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деген күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша күдікке ілінді. Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Сатылатын үйлердің иелеріне ол жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге […]