Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарын басынан бастап реттеу керегін айтты. Азаматтарды әуреге салатын көптеген талаптар мен құжаттардың орнына ықшам әрі түсінікті ережелерді бекітуді тапсырды. Бұл жұмыс 2024 жылдан бастап […]