Шағын және орта бизнеске мораторий тағы бір жылға ұзарды. 2024 жылға дейін бизнес субъектілерін ешкім жөн-жосықсыз тексере алмайды. Бұл жайында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Х съезінде Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Бүгін съездің екінші күні. Кәсіпті тежеп тұрған түйткілдер міне әлі талқыланып жатыр. Нарықта баға тұрақталар емес. Тауардың бәрі қымбаттап жатыр. Ал Үкімет ауыл шаруашылығы өндірушілеріне […]