Қалалық перинаталдық орталықта енді ғана дүние есігін ашқан сәбидің жүрегіне ота жасалды. Туылғанына 2 апта ғана болған нәрестеге бірнеше ауыр диагноз қойылған. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін шұғыл түрде операция жасауға тура келгенін айтады. Қазір нәрестенің жағдайы қандай? Шымкенттегі қалалық перинаталдық орталықта 2 апталық сәбиге ота жасалды. Нәрестеге туа біткен жүрек ақауы, II дәрежелі […]

