Сарыағаш аудандық полиция бөліміне есірткі контрабандасы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлама келіп түсті. Аталмыш хабарламада «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекарашылар мен «Линда» атты қызметтік иттің көмегі арқылы тыйым салынған затты тасымалдауға күдіктінің анықталғаны көрсетілген. Шекарашылардан ақпарат алысымен оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жаткан жас […]