Шардарада мақта өнімінің көлемі артты

Шардаралық шаруалар биыл мақта өнімі мол болды дейді. Жылда бір гектардан 25 центнерден алып жүрген жұрт, биылғы көрсеткіш 28-30 центнерге дейін көтерілгенін айтады. Жыл он екі ай қара терге малынып, ақ алтынды күтіп баптаған шаруалардың еңбегі зор екені даусыз. Бірақ, бір ғана мәселе – баға. Оның да жүйеге түсер күні алыс емес.  Ақ алтынды алқапқа айналған мына жерлердің барлығында бұрын күріш егілген екен. Алайда, Сырдың суы тартылған соң, қазір аймақ мақтаның отанына айналыпты. Қуан Сейсен мақта егуге бет бұрған шаруалардың бірі.  ҚУАН СЕЙСЕН – ШАРУА - Биыл алғаш рет егіп көрдім. Нәтижесі жаман емес... Шардарадан бөлек Жетісай мен Мақтарал аудандарына апаратын жолдың бойы ақ ұлпаға толған. Бұл дегеніміз ақ алтынның көлемі артты деген сөз. Сондай-ақ, қазір бұрынғыдай өнімді қолмен теріп жүрген бірде-бір жанды көрмейсіз. Барлығын арнайы техникалар атқарады. СӘБИТ ТАСОВ – АЛАТАУ АУЫЛ ӘКІМІНІҢ М.У.А - Ауыл тұрғындарының 70 пайыздайы дәл осы кәсіпті қолға алған... Облысымыздағы жаңа мақта өңдеу заводтарының бірнешеуі дәл осы Шардара ауданында орналасқан. Ақ алтынды қыс түспей жинап алу үшін қабылдау пунктері де күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеуде. Баға бір жолға қойылса, биыл мақта еккен шаруалардың ырысы артайын деп тұр.   

Читать источник turkistan.tv
Каспий теңізінің жағалауында 150-ге жуық итбалық қырылып қалған
12 млрд теңге сомасына әлеуметтік жобаларды іске асыру басталды
Ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті
Қызылордада оқушыны кеудесінен ұрып өлтіріп алған бала сотталды
«Астана-Семей» бағытында қатынайтын вагондар жаңартылды
Саран қаласын үш аптадай жылусыз қалдырған: жауапты шенеуніктер сөгіспен ғана құтылды
Алматы көшелерінде "Есірткі сату жұмысын" парақ таратып жарнамалаған
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқандар ұсталды
Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды
Қазақстан eGov жүйесін Моңғолияға экспорттайды
Каспий жағасында 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды
Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
Алаяқтықтың алдын алу: жаңа жылдан бастап онлайн кредит алу қиындай түседі
Шерзат Полаттың өлімі: қылмыстық іс бес бап бойынша тіркелді
Павлодарда 55 млн теңгенің вейптері тәркіленді (ВИДЕО)
Интернет-казино белгісі бар ресурстар тізімі жаңартылды
Лицензиясы жоқ интернет-казино тізімі жарияланды
«Бір әнім хит болды деп, ұқсас 10 ән жазбайды»: Ерке Есмахан Райымды тағы мақтады
Қазақстанға қай елдерден жұмыс істеуге көп келеді
Олигархтардан қайтарылған ақша: мұқтаж отбасыларға арнап көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр
«Әр адам соңғы күндерін азапсыз өткізуге лайық»: Аймағамбетов паллиативтік көмек тарифін қайта қарауды ұсынды
Елордада домбырашылар байқауы өтті
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Отбасылық құндылықтар – рухани байлықтың бастауы: Ақмола облысының тәжірибесі