Шардара ауданы Түркістан төрін думанға бөледі. Облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай өтіп жатқан «Өнерлі өлке» фестивалінің кезекті ұйымдастырушылары осы өңір. Бұған дейін облыс құрамындағы біршама аудандар қала кешін көңілді өткізген болатын. Ал, Сыр өлкесінен келген тұрғындар несімен ерекшеленді?! Оны келесі сюжеттен көрейік! Шардаралықтар үш күнге ұласқан фествальді барынша ерекше қылып өткізуге тырысқан. Мұны межелі орынға барған сәттен-ақ бірден байқадық. Ұлттық нақыштағы көріністерді тамашалап, ішке ене сала ауылдың иісі аңқыды. Қаз-қатар тізіліп күбі піскен келіншектер сонымен қатар буы бұрқыраған ыстық таба нан ұсынып, көрермен көңілін жібітті. Шардаралықтардың тосын сыйы мұнымен біте қоймады. Олар осы өңірдің бренді саналатын сазан балықтарын да ала келген. БОТАБЕК ҚҰРМАНБАЕВ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Шардаралықтар өнерден де құр алақан емесін сенбі күні өткізген гала концертте көрсетті. Ән мен биі әзілмен ұштасқан дүбірлі думан бастала сала көрермен бірден жинала қалды. Әсіресе өз өлкелерінінен шыққан әнші Қазыбек Құрайыштың әні көрерменді сүйсінтті. Ал әйгілі Сырымбет Бибосынов пен Ырысбала Икрамбай елге езу жидырмады. ЫРЫСБАЛА ИКРАМБАЙ БЛОГЕР Осылайша Шардаралықтар көремен ықыласына бөленді. Үш күнге созылған шараның соңғы күнінде ұлттық ойындардан бәйге өтті. Сондай-ақ, шардаралық өнімдердің көрмесі қойылды. Өз кезегіндегі фестивальді жоғары дәрежеде өткізген олардың Түркістанға тарту кеші күні кеше өз мәресіне жетті.