Елімізде егін егіп, мал өсіремін деген шаруалар мемлекеттен берілетін тегін жерді ала алмай жүр. Тіпті жердің кім алатынын «комиссия шешеді» десек артық айтпаймыз. Жер «көз қысты, бармақ бастыға» беріліп жатыр. Оған себеп – заң нормасы реттелмеген. Ұлттық палатаға шаруалар «таныс не жекжатсыз жер ала алмай жүрміз» деген уәжбен жиі келеді. Мәселенің мәнін «Атамекен» ҰКП Құрылыс […]