Шаруалар пияз бағасын тұрақтандырса, үкіметтен көмек алады. Бұл туралы Жамбыл облысының фермерлерімен кездескен Серік Жұманғарин айтты. Вице-премьердің сөзінше, шаруалар маусымаралық кезеңде пиязды қымбаттатпауы тиіс. Бағаны 150 теңгеден төмен ұстап отырса, оны батыс өңірлерге жеткізіп, көкөніс қоймаларында сақтауға қаражат бөлінеді. Қазақстандық пияздың 75 пайызы өсірілетін Жамбыл облысында биыл дақылдың өнімі жақсы болмақ. «Самғау» шаруа қожалығы 4500 […]