Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығы мен өнерін дәріптеуге арналған «Шарықта шалқар шабытым» атты қайырымдылық концерті өтті. Дәстүрлі іс-шарада зағип және көзі нашар көретін жандар өнер көрсетті. Сонымен қатар, ерекше жандардың авторлық туындылары мен қолөнер бұйымдары да көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгі ерекше концертте көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» интернат мектебінің шәкірті Айбын Жұмабеков өз өнерін […]