Түркістан облысында марокколық шегірткенің таралу аймағы кеңейді. Зиянкестермен күрес жұмысы жүргізілгенмен, нәтиже аз. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрі аймаққа келіп, ахуалмен танысты. Арыстық дихан Нұрпейіс Мамытов қарбыз өсірумен айналысады. Ол биыл төрт гектар алқапқа аталған жидек түрін еккен. Бейнетінің зейнетін көретін кезде егістікті шегіртке басып, еңбегі зая кеткен. Шаруаның сөзінше, бастапқыда қанаттылармен күресті өздері жүргізіпті. «Баллон […]