Шекара маңындағы ауылдарда кәсіпкерлікті қолдау үшін бюджет қаражаты есебінен микрокредит пен жобаларға кепілдік беруге квота бөлу жоспарланып отыр. Ұлттық экономика министрлігі ашық талқыға шығарған Ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында осылай жазылған. «Шекара маңындағы аумақтардың тартымдылығын арттыру үшін экономика саласын дамытуды және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету өте маңызды. Елді мекендердің экономикасын дамыту ауыл […]