Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасына ірі көлемдегі есірткі заттарын кіргізудің кезекті әрекетіне тосқауыл қойды. 2023 жылғы 31 мамырда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы «Қарасу» өткізу пунктінде шекара наряды шетелдік азамат тізгіндеген жүк көлігін тоқтатты. Көлік құралын тексеру барысында өзге тауарлардың арасына жасырылған 800 келіге жуық каннабис шайыры табылды. Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 6 млн АҚШ […]