Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісімде визалық режимді жеңілдетуге арналған келіссөздер өткізу туралы тармақ бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. Ондай келіссөздер басталса, алдымен визаның бағасын төмендету мәселесі талқыланады. «Біріншіден, Қазақстан азаматтары үшін шенген визасының бағасын түсіру мәселесі сөз болады. Екіншіден, визаны алуға қажетті құжаттардың санын қысқарту керек. […]