ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шараға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымының (бұдан әрі […]