Шетел азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы айналысы шектелген заттардың контрабандасын жасағаны үшін сотталды. Тәжікстан Республикасының Ж.А. атты азаматы 2023 жылғы 5 ақпанда сағат 22:00 шамасында Өзбекстан Республикасындағы «Гулистан» шекара бақылау бекетінен өтіп, Түркістан облысының Мақтаарал ауданында орналасқан «Атамекен» шекара бақылау бекетіне жаяу жүргінші терминалы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткен кезде, шекара қызметкерлерінің «Найс» атты […]