Қазақстандық дәріханаларда Ресей мен Украинадан келетін арзан дәрі-дәрмектер азайған. Тұрғындарға «Корвалол», «Валидол», тіпті диазолинді табу қиынға түсіп жатыр. Қазақстанның тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы тапшы дәрілік препараттардың тізімінің үлкен екенін айтады. Сарапшылар елімізде отандық өндірісті жолға қою қажет дейді. Алайда, бұл саланы кез келген кәсіпкер қолға ала бермейді. Корвалол, валидол, андипал, диазолин, энтерол және тіпті калий перманганаты. […]