Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны барысында оңай олжа таппақ болғандар да кездесіп жатыр. Түркістан облысында Армениялық көліктерді тіркеуден шығарып, мемлекеттік нөмірлі белгі алып беремін деген хабарландыру тарады. Әккі азамат өз қызметін 1 млн. 200 мың теңгеге бағалаған. Егер, сол қаражатты берсеңіз, көлікті бір тәулікте тіркеуге қойып беремін деп уәде береді екен. Қазіргі таңда күдікті қолға түсті. […]