Елімізде жиһаз айтарлықтай қымбаттай түсті. Өйткені, оған қажетті ағаштың 70 пайызы Ресейден әкелінеді. Ондағылар тауар бағасын көтеріп жіберген. Оның үстіне рубль бағамының өсуі де отандық жиһаз өндірушілердің қалтасын қағып отыр. Сондықтан есік, орындық, төсек жасайтын жергілікті цехтар жиһаз бағасын 30 пайызға көтеруге мәжбүр. Бұған ағаш тасымалының қымбаттауы да түрткі болды. Шынар Оразова