Сайрам аудандық Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданады. Әйелдің айтуынша, ол жалған жарнамаға алданып қалған. Яғни жәбірленуші Ақсукент ауылындағы шипажайлардың біріне 10 күнге демалысқа шақырған хабарландыруға сеніп, 100 мың теңге аударған. Алайда, соңында алаяқтар алдағанын түсінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Түркістан облысы […]