Сарыағаш ауданында ішімдік ішкен ер адам ауылдасының көлігін өртеп жіберген. Күдікті ұсталды. Ол мұндай әрекетке не үшін барғанын полицейлерге айтып берген. Жәбірленушінің айтуынша, ауылдасы күндізгі уақытта үйінің алдында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін алдымен заңсыз айдап кеткен. Кейін оны өртеген. Келтірілген шығын – 1,5 млн теңге. Жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік […]