Полицияға қомақты қаржысын жоғалтқаны туралы Түркістан облысының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, ол барсеткасын автокөлік жолында түсіріп алған болуы мүмкін. Хабарлама бойынша жедел басқару орталығының инспекторлары көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды толық қарап шығып, ер адамның қозғалыс бағытын тексерді. Нәтижесінде сөмкені сол жолдан жүріп өткен көліктің жүргізушісі алып кеткені анықталды. Автокөлікті тауып, тоқтату үшін патрульдік полиция […]