Келес аудандық полиция бөліміне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бақылау бекетінен шетелдіктің есірткі алып өтуі мүмкін екендігі туралы хабарлама түсті. Ақпаратты алған полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетіп, күдік тудырған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Тексеру барысында тәртіп сақшылары шетелдіктің шұлығынан есірткі тектес затты тәркіледі. Алынған зат сараптамаға жіберіліп, қорытындысы бойынша «гашиш» есірткісі болып шықты. Қазіргі […]