Шымкент – инвестиция салуға ең қолайлы қала. Үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жүлде табыс етті. Соңғы жылдары қалада бизнесті жүргізу шығындарын азайту, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, салық және тарифтік саясаттың сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылып келеді. Қазіргі таңда қалада жалпы ауданы 886 гектар болатын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. […]