Шымкент әуежайы санитарлық қорғау аймағында орналасқан үйлерге қатысты шешім шықты. Тиісті құқықтық -нормативтік актілер бойынша нысанның қорғау аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықты алып жатуы шарт. Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді. Бүгінде аталған аймақта 307 жер телімінде тұрғын үй бар. Осы мәселені шешу үшін мемлекетке 307 жер телімін қайтарып алу жөнінде қаулы қабылданған болатын. […]