Күні кеше «Нұрсәт» шағынауданындағы аялдамада Шымкент қаласының 59 жастағы тұрғыны шұңқырға құлап кеткен. №80 орта мектептің жанында шұңқырды байқамай қалған әйел бетон асфальттың ойығына аяғымен құлап, кептеліп қалған. Өз бетінше шыға алмаған соң құтқарушыларды шақыруға тура келген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Холматра» арнайы жедел-гидравликалық құтқару техникасының көмегімен бетонды сындырып, кептеліп қалған аяқты босатқан. «Жедел-құтқару жасағының […]