Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында аймақта атқарылған жұмыстар баяндалып, халық көкейлерінде жүрген сауалдарын шенеуніктерге тікелей жолдады. Жалпы әр тоқсан сайын елмен кездесіп, есеп беріп жүрген мегаполис әкімі жүзбе-жүз кездесіп, проблеманы талқылаудың арқасында бірқатар мәселелер шешімін тауып келеді дейді. Бұған дейін Мемлекет басшысы өңір әкімдері халыққа жақын болуы қажет деген еді. […]