Мұрат Айтенов қала әкімдігінің жанындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келді, деп хабарлайды ОТЫРАР. Әкімдіктің өзге де қызметкерлері де келіп дауыс беріп, Конституцияға енгізілген өзгерістерге қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Сайлау учаскесінде олардан дауыс берушілер көп. Учаскеде омиссия мүшелері, бақылаушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Дауыс беру жабық кабиналарда өтеді. Әр адам жеке дауыс береді. […]