Шымкент әкімдігінде өткен аппарат жиыны барысында шенеуніктің ұсталған видеосы тарады. Мегаполис басшысы әкімдік қызметкерлеріне осыған дейін бірнеше рет ескерткенін айтып, адал қызмет ету керектігін алға тартты. Жиында қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы кейбір қызметкерлерге сұрақтар бар екенін айтқан тұста, Ғабит Сыздықбеков сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілінгендерді дәл осы жиыннан алып кетуге болатындығын мәлімдеді. […]